382,38 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Хабиб – Порье жекпе-жегі 7 қыркүйекте өтеді

  • 85
Хабиб – Порье жекпе-жегі 7 қыркүйекте өтеді alt.kp.ru

7 қыркүйек күні Абу-Дабиде өтетін төбелес кешінің басты кездесуі Хабиб Нурмагомедов пен Дастин Порье арасында өтеді.

UFC-дің жеңіл салмағында чемпион атағы бар Хабиб Нурмагомедов (27-0) өз титулын Дастина Порьеге (25-5, 1 NC) қарсы жекпе-жекте қорғайды. 

7 қыркүйек күнгі кешке Хабиб және Порьемен қатар, Майрбек Тайсумов, Зубайра Тухугов және Абубакар Нурмагомедов те қатысады. 

Еске сала кетейік, Хабиб Нурмагомедов соңғы кездесуін өткен жылдың қазан айында Конор Макгрегорға қарсы өткізіп, төртінші раундта жекпе-жекті уақытынан бұрын аяқтап, жеңіске жеткен еді.

Хабар 24 телеарнасы