386,67 424,50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақ күресі алғаш рет Оңтүстік Кореядағы жауынгерлік өнер фестивалінде

  • 140
  • UPD: 15:27, 31.08.2019
Қазақ күресі алғаш рет Оңтүстік Кореядағы жауынгерлік өнер фестивалінде

Қазақ күресі алғаш рет Оңтүстік Кореядағы жауынгерлік өнер фестивалінің бағдарламасына енгізілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Халықаралық біріншілікке екі жүз үш елден келген үш жарым мың адам қатысуда. Іс-шара Чунджу қаласында 30 тамыздан 6 қыркүйекке дейін өтеді. Фестивальдің құрметті президенті БҰҰ-ның бұрынғы Бас хатшысы Пан Ги Мун болып табылады.

Біріншілік аясында жауынгерлік өнердің жиырма түрі бойынша жарыстар өтеді. Қазақ күресінен чемпионатында үш салмақ дәрежесінде үздік атағына елу елдің өкілдері таласады. Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясының вице-президенті Бәделхан Камалханұлының айтуынша, Чунджу қаласындағы фестиваль бұл спорт түрін әлемде танымал етіп, қазақ күресін Олимпиада ойындарының бағдарламасына қосуға көмектеседі.

Бәделхан Камалханұлы, Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясының вице-президенті:

- Қазақ күресінен 50-ден артық мемлекет ертең қатысып күресетін болады. Бұл дегеніміз, Қазақ күресін бүкіл әлем танылды деген сөз. Осындайда біздің елімізді көрсетуге, өнерімізді көрсетуге мол мүмкіндік бар.

Хабар 24 телеарнасы