389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Футзалдан УЕФА чемпиондар лигасының негізгі кезеңдегі ойындары басталады

  • 259
  • UPD: 09:13, 08.10.2019
Футзалдан УЕФА чемпиондар лигасының негізгі кезеңдегі ойындары басталады

Футзалдан УЕФА чемпиондар лигасының негізгі кезеңдегі ойындары басталады. Құрлықтағы айтулы сынға Қазақстанның екі командасы қатысады.

Алматының «Қайратынан» бөлек Рудныйдың «Аяты» да негізгі кезеңде бақ сынайды. Жеребе бойынша «Аят» «Барселона», «Түмен» және «Витис» командаларымен бір топқа түсті. "Қайрат" Венгрияда Испанияның "Эл-Посо", Ресейдің КПРФ және жарыс қожайындары "Береттьоуйфалу" клубымен шеберлік байқасады. Бүгін алғашқы тур ойындары өтеді. "Қайрат" орыстардың КПРФ командасымен кездеседі. Матч елорда уақытымен кешкі жеті 45-те басталады. Жанкүйерлер бұл ойынды Еларнадан тікелей эфирде көре алады.     

Осы аптада Қазақстан ұлттық құрамасын жауапты екі кездесу күтіп тұр. Михал Билектен тәлім алатын құрама бұл жолы "Астана-аренада" дайындықтарын пысықтап жатыр. Қазақстан футболшылары 2020-шы жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу турнирі аясында Кипрды қабылдайды. Кездесу 10-шы қазанда өтеді. Сосын елордаға әлем чемпионатының қола жүлдегері Бельгия келеді. Эден Азар бастаған жұлдыздарға қарсы ойын 13 қазанға жоспарланған. Қазақстан іріктеу тобында 7 ұпаймен үшінші орында келеді. Топ басында Бельгия мен Ресей тұр. 

Бейжіңде Қытай ашық біріншілігі аяқталған соң, теннисшілер Шанхайда бас қосты. Ұтыс қоры жеті жарым млн долларды құрайтын жарысқа Қазақстан атынан Михаил Кукушкин мен Александр Бублик қатысады. Кукушкин алғашқы айналымда сербиялық Миомир Кецмановичті жеңді. Есеп: 7:6, 6:4. Ал, Бублик бүгін алғашқы кезеңде Канадалық Феликс Оже-Альяссиммен кездеседі. Британиялық Энди Маррей де келесі кезеңге шықты. Әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы аргентиналық Хуан-Игнасио Лондероның осал тұсын тапты. Маррей екінші айналымда Италиялық Фабио Фоньинимен ойнайды.

Хабар 24 телеарнасы