388,28 427,67 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-да футболдан бірінші лиганың чемпиондары марапатталды

  • 104
  • UPD: 13:43, 05.11.2019

Солтүстік Қазақстанда әр ауданда футбол алаңы салынып, облыстық біріншілік басталады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы «Qyzyljar» футбол клубын марапаттаған өңір басшысы Құмар Ақсақалов мәлімдеді. Оның айтуынша, үлкен жеңістерге жету үшін жергілікті жастарды тәрбиелеу керек. Биыл петропавлдық команда бірінші лигада 58 ұпаймен топ жарып, тұңғыш рет чемпион атанды. Соңғы ойында олар қызылорданың «Байқоңырын» қабылдап, 6:0 есебімен ойсырата ұтты. Осылайша, қызылжарлықтар жоғарғы лигада өнер көрсетуге жолдама алды.

Ильдар Аитов, «Қызылжар СК» ФК капитаны:

- Келер жылы Қазақстанның Премьер-лигасында ойнаймыз. Бұл бізге зор жауапкершілік артады. Онда жақсы өнер көрсетіп, тұрақтап қалуға ниеттеніп отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы