376,51 420,09 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұр-Сұлтанда каратэден әлем чемпионаты өтіп жатыр

  • 200
  • UPD: 19:39, 07.12.2019
Нұр-Сұлтанда каратэден әлем чемпионаты өтіп жатыр

Киокушин және шинкиокушин бойынша әлем үздіктері елордада бас қосты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазақстан астанасы каратэден дүниежүзілік доданы қабылдап жатыр. Байрақты бәсекеге 50 елден 300-ге жуық спортшы жиналды. Олар алдағы 2 күн бойы өзара мықтыны анықтайды. Жекпе-жектер қыздар және ерлер арасында бөлек өтуде. Бас-аяғы 15 салмақ дәрежесі бойынша медальдар сарапқа салынады. Айта кету керек, биылғы доданың ерекшелігі каратэ түрлерінің барлық шеберлері осы жерде сынға түседі.

Әлімжан Молдағалиев, республикалық ұлттық киокушинкай-кан каратэ федерациясы президентінің орынбасары:

– Біздің жастарымыз басқа мемлекеттердің спортшыларына қарағанда әлдеқайда жас. Ресейдің каратэмен айналысқанына 50 жылдан асты. Қазақстанда 90 жылдары ғана бастадық. Сондықтан біздің мүмкіндігіміз жаңа өсіп келе жатыр. Осы жарыста қыздар мен жігіттер алтын алады деген арманымыз бар.

Хабар 24 телеарнасы