426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Барселонаның» тізгінін Рональд Куман ұстайды

  • 211
  • UPD: 11:45, 18.08.2020
«Барселонаның» тізгінін Рональд Куман ұстайды Sportbox

Нидерланд құрамасының бас бапкері Рональд Куман «Барселонаның» тізгінін ұстайды.

Каталон клубы 57 жастағы жаттықтырушыны бүгін, 18 тамыз күні таныстырады. Бұл туралы The Telegraph басылымы жазды. Қос тарап 2 жылға келісімшартқа отырады деп күтілуде.

Рональд Куман 2018 жылдың ақпан айында Нидерланд құрамасының тізгінін ұстап, құраманы Еуро-2020 турниріне алып шықты.

Айта кетейік, бүгін белгілі болғандай «Барселона» бас бапкер Кике Сетьенді қызметінен босатты.

Ақпарат көзі: prosports.kz

Хабар 24 телеарнасы