428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Italian Open: Н.Джокович жеңіске жетті

  • 153
Italian Open: Н.Джокович жеңіске жетті

Новак Джокович осымен бесінші мәрте Italian open бәсекесінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әлемнің бірінші ракеткасы үшін бұл – Masters сериясындағы 36-титул. Римде өткен турнирдің ақтық сынында ол аргентиналық теннисші Диего Шварцманды тізе бүктірді. Екі сетте есеп: 7:5 және 6:3 . Кездесу 1 сағат 54 минутқа жалғасты. Айта кетейік, екі спортшы бұрын да ойын өткізген, осымен 5-інші рет Джоковичтың мерейі үстем болды. Аргентиналық теннисші Шварцман үшін бұл – Masters финалында тұңғыш өнер көрсету сәті.

 

Зарина Диястың соққысы жоғары бағаланды

WTA әйелдер теннисінің қауымдастығы Зарина Диястың соққысын үздік деп таныды. Қазақстандық Страсбургте өтіп жатқан турнирдің бірінші айналымда көзге түсті.

Еске сала кетейік, Зарина Дияс америкалық теннисші Кристина Макхейлді жеңіп, екінші айналымға жолдама алды. Ширек финалда ол жапон қызы Нао Хибиномен шеберлік байқасады. Аталған турнирде Елена Рыбакина да өнер көрсетеді. Жоспар бойынша Қазақстанның бірінші ракеткасы бүгін Ализе Корнемен кездесуі тиіс.

 

Әйелдер құрамасы Австрияға қарсы ойнайды

Бүгін Шымкентте футболдан Қазақстанның әйелдер құрамасы Австрияны қабылдайды. Спортшылар Еуропа чемпионатына іріктеу туры аясында бақ сынасады. Команданың жаңа жаттықтырушысы Иван Азовскийдың айтуынша, спортшы қыздарымыздың дайынды мығым. «Тартысты ойын боларына сенімдімін», – деді ол.

 

Хабар 24 телеарнасы