432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ауыр атлетиканы Олимпиада ойындарынан алып тастау қарастырылып жатыр

  • 123
  • UPD: 20:05, 17.10.2020
Ауыр атлетиканы Олимпиада ойындарынан алып тастау қарастырылып жатыр

Халықаралық Олимпиада комитеті ауыр атлетиканы 2024 жылғы жазғы Олимпиада ойындарының бағдарламасынан алып тастау мәселесін қарастырып жатыр, деп хабарлайды комитеттің ресми сайты.

ХОК бұл қадамға Халықаралық ауыр атлетика федерациясы басышының ауысуына байланысты барған. Қазір федерация американдық Урсула Папандреаны қызметінен босатып, оның орнына индонезиялық Интар Йодбангтояны отырғызды.

ХОК бұл шешімге қарсы. Сол үшін де Халықаралық ауыр атлетика федерациясына шағымын жіберді. Шағымда егер алдағы уақытта басшылық ауысатын болса, онда ХОК ауыр атлетиканы Олимпиада бағдарламасынан алып тастау туралы шешім шығаратынын айтқан.

Хабар 24 телеарнасы