422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шымкентте стенд және оқ атудан халықаралық турнир өтіп жатыр

  • 133
  • UPD: 14:34, 23.10.2020
Шымкентте стенд және оқ атудан халықаралық турнир өтіп жатыр

Шымкентте стенд және оқ атудан 29-шы халықаралық турнир өтіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл жарысқа әлемнің 20 елінен 200-ден астам спортшы қатысуда. Шетелден сайысқа түсіп жатқан мергендердің көрсеткіші онлайн бақыланады. Ал, еліміздің әр аймағынан келген 100 ден аса спортшы бәсекеде жеңіс тұғырынан көрінуге ниетті. Ең бастысы, турнирге келген спортшыларға карантин талаптарын сақтау маңызды. Олардың барлығанына ПТР-тест алынды. Сондай-ақ турнир өтіп жатқан спорт ғимараттарында барлық санитарлық нормалар сақталуы міндеттелген. Бұл жарыста Олимпиада ойындары мен Азия ойындары, Азия чемпионаттары және «Азия балалары» халықаралық спорттық ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлері де өз шеберліктерін шыңдайтын болады.

Максим Коломоец, стенд атудан халықаралық дәрежедегі спорт шебері:

- Стенд ату спорты стратегиялық тұрғыда адамды тұлға ретінде тануға көмектеседі. Десе де, мен бұл жекпе-жек өнері деп санаймын. Біздің спорттағы шеберліктің шегі жоқ. Тұғырда болу үшін үнемі өзіңді жетілдіру қажет.

Хабар 24 телеарнасы