378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС

БҚО-да 3 мектептің құрылысы жүріп жатыр

  • 186
  • UPD: 23:42, 13.03.2019

Батыс Қазақстан облысында 3 бірдей жаңа мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр.

Бұл туралы осы  аймаққа  жұмыс сапарымен барған Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшиденова айтты. Жалпы тәуелсіздік жылдарында еліміз бойынша мың жарымдай жаңа білім ошағы пайдалануға берілген. Алдағы 3 жылда тағы 190 білім ордасы бой көтереді. Нәтижесінде, үш ауысымды немесе апатты жағдайда тұрған мектеп оқушылары жаңа ғимараттарға көшеді.  Министр Орал қаласының Сарытау шағынауданында салынған осындай жаңа мектепті аралап көрді. Кездесуде ол білім берудің жаңартылған жүйесі бірінші кезекте ұстаздардың біліктілігін көтеруге септігін тигізеетінін атап өтті. Алдағы 3 жылда 144 мыңдай педагог маман біліктілік жетілдіру курстарынан өтеді. Аймақтағы мектептердің жай-күйімен танысқан министр кейбір пәндерді ағылшын тілінде оқытуға көшу туралы пікірін ортаға салды.

Күләш Шәмшидинова,   ҚР Білім және ғылым министрі:

- Біз қазір барлық мектептерді бірден ағылшын тілінде оқытуға көшіру деген мәселені көтеріп отырған жоқпыз.  Ия, мына химия, физика, биология, информатика пәндерін ағылшын тілінде оқытуды мұғалімнің дайындығына, мектептің дайындығына қарап, біртіндеп рет-ретімен, кезең-кезеңімен кіргізуді қарап отырмыз. Қазіргі таңда республика бойынша 150 ден артық мектеп осы істі бастап кеткен екен, қазір солардың жұмысын зерделеп жатырмыз.

Телеканал Хабар 24