376.99 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Нұр-Афанасьева тегі жазылған куәлік бойынша ҚР ІІМ түсініктеме берді

  • 570
  • UPD: 23:01, 31.03.2019
Нұр-Афанасьева тегі жазылған куәлік бойынша ҚР ІІМ түсініктеме берді

Әлеуметтік желіде және мессенджерлерде тегіне Нұр қосымшасы қосылған қыздың жеке куәлігінің суреті белсенді түрде таралып жатыр.

«Мессенджерлерде таралып жатқан жеке куәлікке қатысты хабарлаймыз: ішкі істер органдарынан мұндай құжат, жеке куәлік берілген жоқ. Бұл шындыққа жанаспайды», - деді ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз. 

Айта кету керек, 28 наурызда желі қолданушылары газет үзіндісінен жаңалық таратқан еді, онда 2019 жылы 1 сәуірден бастап қазақстандықтардың тегіне қосымша жалғау міндеттелетіні жазылған. Осыған орай Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің өкілдері мұның бірінші сәуірге арналған (Күлкі күніне арналған) әзіл екенін мәлімдеді. Мұндай ақпарат 28 наурызда Шучинск аудандық «Стабильная газета» басылымында шыққан. Кейінірек газет редакторы бұл әзілді кім ойлап тапқанын айтып берді.

tengrinews.kz

Телеканал Хабар 24