378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Алматыда автобустың еденін тесіп өткен люк жолаушының аяғын сындырды

  • 290
  • UPD: 12:37, 02.05.2019
Алматыда автобустың еденін тесіп өткен люк жолаушының аяғын сындырды

Алматыда қоғамдық көлік жол-көлік оқиғасына ұшырады. Жол-көлік оқиғасы Халиулин көшесінің бойында болған.

№ 65 бағытында жүретін автобус осы көшенің бойымен батыс бағытта кетіп бара жатқан. Шығыс айналма жолын өтіп, жол шетіндегі люкті басып кеткен. Люк ұшып кетіп, автобустың еденін тесіп өткен. Осының салдарынан қоғамдық көлікте отырған жолаушы қыздың аяғы сынған. Ол жақын жердегі ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта арнайы қызмет өкілдері осы мәселемен айналысып жатыр. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Телеканал Хабар 24