378.01 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Синхронды жүзуден әлем кубогі кезеңінде еліміз күміс жүлдегер атанды

  • 378
  • UPD: 23:20, 21.04.2019
Синхронды жүзуден әлем кубогі кезеңінде еліміз күміс жүлдегер атанды

Қазанда синхронды жүзуден әлем кубогі кезеңі аяқталды.

Соңғы жарыс күнінде Қазақстан командасы турнирдің күміс жүлдегері атанды деп хабарлайды Olympic.kz. 

Акробатикалық топ бағдарламасында (хайлайт) қазақстандық команда күміс жүлдегер атанды. Олар ресейліктерге ғана есе жіберген. Үшінші орында Венгрия құрамасы.

Жарысқа жалпы есебі бес команда қатысты.

Айта кетелік, Қазақстан командасы сапында төмендегі спортшылар күміс медаль тағынды:

Карина Абдулина, Екатерина Симонова, Ольга Ездакова, Дженифер Русанова, Ксения Макаров, Елена Крылова, Әйгерім Құрманғалиева, Наргиза Болатова, Жәния Жиенғазы, Валерия Скаковская.

Телеканал Хабар 24