378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Елордада студенттер мен оқушылар арасында мерекелік эстафета өтті

  • 64
  • UPD: 23:59, 09.05.2019
Елордада студенттер мен оқушылар арасында мерекелік эстафета өтті

Жеңіс күніне арналған шараға қаладағы білім беру мекемелерінен 500-ге жуық адам жиналды.

Олар 14 кезеңнен тұратын 6 шақырымдық аумақты жүгіріп өтті. Айта кету керек, жарыс астанамыздағы Жеңіс даңғылынан басталды және Әлия Молдағұлова, Бейбітшілік, Кенесары сияқты көшелердің бойымен өтті. Ұйымдастырушылар осы жүгіру бағытын әдейі таңдапты. Бұқаралық іс-шара алдағы жылдары да дәстүрлі түрде өткізіліп тұрады және қатысушылар саны мен жарыс қашықтығын арттыру жоспарда  бар.

Жанат Мусин, спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы басшысының орынбасары:

- Жарысқа 30 орта мектеп, 5 жоғарғы оқу-орны және 6 мектеп қатысып жатыр. Бұл іс-шара рухани жаңғыру және жастар жылы аясында өтіп жатыр. Жылдан-жылға мәртебесін көтеруде.

Телеканал Хабар 24