384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жапония премьер-министрі үкіметтің жаңа құрамын бекітті

  • 692

Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ үкіметтің жаңа құрамын бекітті.

Осының алдында бұрынғы министрлер кабинеті толық отставкаға кеткен еді. 19 министрдің 8-і орнын сақтап қалды. Олардың арасында қаржы министрі Таро Асо мен Сыртқы істер министрі Фумио Кисида бар. Қорғаныс министрлігінің орынтағына әйел адам билік басындағы Либерал-демократиялық партиясы саяси кеңесінің төрайымы Томоми Инаду жайғасты. Экономика, сауда және өнеркәсіп министрлігінің тізгініне үкіметтің бас хатшысының орынбасары Хиросигэ Сэко ие. Осы ауыс-түйіс арқылы Синдзо Абэ «абэномика» экономикалық бағытын іске асыруды жеделдетуді және ел конституциясына әскери әлеуетін күшейту туралы өзгерістер енгізуді қолдайтын жақтастар қатарын арттыруды көздеп отыр.

Хабар 24 телеарнасы