384,36 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Солтүстік Корея билігі Азия елдерінен көмек сұрады

  • 693

Суық жүзді Солтүстік Корея билігі Азия елдерінен көмек сұрады. Әлемді қаруымен қорқытып отырған ел соңғы 70 жылда болмаған ең жойқын су тасқынын бастан кешіріп отыр. Елдің Сыртқы істер министрлігі апатқа ұшыраған аймақтағы жағдаймен таныстыра келе, бауырлас елдер оның салдарын жоюға көмек берсе деген тілегін жеткізді. Алапат су тасқыны толассыз жауған нөсерден пайда болған еді. Соның салдарынан 133 адам ажал құшты. Ізім-ғайым жоғалып кеткен 400-ге жуық тұрғын әлі табылмаған. Топан су егіс алқаптарын түгелдей шайып кеткен. Елдің энергетика саласы да айтарлықтай зиян шекті. Топан су 60-тан астам көпірді шайып кеткендіктен, құтқарушылар табиғи апаттан зардап шеккен аудандарға қатынай алмай отыр.

Хабар 24 телеарнасы