386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚР БҒМ мұғалімдерге ЕХРО билеттерін мәжбүрлеп алғызып жатыр деген ақпаратты жоққа шығарды

  • 588
  • UPD: 19:22, 06.03.2017

Мұғалімдерге ЕХРО көрмесінің билеттерін мәжбүрлеп алғызып жатыр деген ақпарат жалған.

Елімізде қазақ тілі мен әдебиет кафедралары жабылғандығы жайлы әңгіме де өтірік. «Серпін» жобасының тоқтатылғаны туралы ақпарат та негізсіз. Бүгін Білім және ғылым министрлігінің өкілдері арнайы брифинг өткізіп, әлеуметтік желіде кең таралып, қызу талқыланып жүрген осы деректердің шындыққа жанаспайтынын ресми түрде хабарлады. Сонымен қатар, өткен аптада ведомствоның сайтына кибершабуыл жасалыпты. «Мұның барлығы отандық білім саласының беделін түсіруге бағытталған шаралар», - дейді Білім және ғылым министрінің орынбасары Эльмира Суханбердиева

Эльмира Суханбердиева, ҚР Білім және ғылым министрінің орынбасары:

- Алдын ала мәлiметтер бойынша, шабуыл шетелдiк серверлерден жасалған. Осы шабуыл ақпарат құралдары мен желiлерде жалған мәлiмет таратумен қатар келiп отыр. Бұл – бiлiм және ғылым салаларының беделiн түсiруге бағытталған қадам. Министрлiк осы мәселелер бойынша құзыреттi органдарға тиiстi шаралар қолдану үшiн жүгiндi.

Сонымен қатар талайдан бері айтыс-тартысқа айналған Әліппе дауына да нүкте қойылған сияқты. Ведомство өкілдері бірінші сыныпта оқытылатын Сауат ашу пәнінің атауы Ана тілі деп өзгеретінін мәлімдеді. Ал, Әліппені балалар дайындық сыныбында ғана оқитын болды.

Жаңыл Жонтаева, ҚР БҒМ Мектепке дейiнгi және орта бiлiм департаментiнiң директоры:

- Әліппені дайындық сыныптан. Өздеріңіз білесіздер, ол даярлық топтары. Жалпы білім туралы заңда да нақты жазылған дайындық сыныбы мектепте де болады. Балабақшада да болады. Заңда нақты көрсетілген мектепалды топтары дайындық сыныбын 100% қамтуға міндетті.

Хабар 24 телеарнасы