383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Аргентина полициясы 8 тоннаға жуық есірткі тәркіледі

  • 441
  • UPD: 12:37, 03.01.2017

Аргентина полициясы кемеге тиелген 8 тоннадай есірткі тапты.

Жергілікті биліктің хабарлауынша, бұл өткен жылы тәркіленген ең ірі марихуана партиясы. Қылмыскерлер есірткіні Парагвайдан халықаралық ту тігілген кеме ішіне жасырған. Тәртіп сақшылары жүктің жолын кеме Парана өзенінен өте бергенде кескен. Қазір осы іске қатысты 9 адам тұтқындалып, тергеу жүріп жатыр. Ал өткен айдың басында полиция бір әйелдің жалға алған қорасынан 5 тонна марихуана тапқан еді.

Хабар 24 телеарнасы