419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Беларусьте жасөспірім мұғалім мен оқушыны пышақтап өлтірді

  • 927
  • UPD: 15:05, 11.02.2019
Беларусьте жасөспірім мұғалім мен оқушыны пышақтап өлтірді

Беларусьте Минск облысындағы Столбцы қаласында 9-сынып оқушысы мұғалім мен оқушыны өлтірді.

Бұл туралы Tut.by басылымы хабарлайды. Кейінірек бұл ақпаратты құқық қорғау органдары растады.

Басылымның мәліметтері бойынша оқиға бүгін, 11 ақпанда болған. Куәгерлердің айтуынша, 9-сынып оқушысы класқа пышақпен кіріп келіп, мұғалімнің мойнын кесіп өткен. Әйел сол мезетте жерге құлап, жантәсілім еткен.

Тағы үш оқушы пышақ жарақаттарын алып, біреуі көз жұмды.

Қалғандары ауруханаға жеткізілді. 15 жастағы жасөспірім оқиға орнынан кетіп үлгергенмен, полиция қолына түсті.

Хабар 24 телеарнасы