388,70 430,50 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Крайстчерчте мешітке жасалған шабуыл кезінде көз жұмғандармен қоштасу рәсімі өтті

  • 519
  • UPD: 10:57, 30.03.2019
Крайстчерчте мешітке жасалған шабуыл кезінде көз жұмғандармен қоштасу рәсімі өтті

Крайстчерчтің паркінде өткен құрбандарды еске алу бойынша жиынға мыңдаған адам жиналды. Жалпыұлттық жиынның көрсетілімі тікелей эфирде ұйымдастырылды.

Естеріңізге сала кетсек, наурыздың 15-і күні Брентон Таррант есімді азамат жұма намазына жиналған жамағатқа оқ атып, 50 адамды өлтірген. Қылмыскер тұтқынға алынды. Кезекті сот отырысы сәуірдің бесіне белгіленген.

Джасинда Ардерн, Жаңа Зеландияның премьер-министрі:

-Осыншалық ауыр қайғыны бастан өткерген қала тұрғындарын қандай сөзбен жұбата аламын? Оған ешбір сөз табылмас деп ойлап едім. Бірақ, мұнда келіп, қарапайым «ассаулаумағалейкум» деген сөзді естідім. Түп мағынасы тыныштық тілеуді білдіретін бұл сөзді жаһан жұртшылығы жақынынан айырылған отбасыларға жолдап жатыр. Жарақат алып, ауруханада жеткізілген жандар осы бір сөзді сыбырлап айтқан еді. Мен де өз кезегімде, сіздерге «ассалаумағалейкум» деймін.

Хабар 24 телеарнасы