386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мехикода құны 2,5 млн доллар болатын алтын тиындар ұрланды

  • 157
  • UPD: 11:21, 07.08.2019
Мехикода құны 2,5 млн доллар болатын алтын тиындар ұрланды

Тәртіп сақшыларының айтуынша, ұрлықты 3 адам жасаған.

Олар күндізгі уақытта ақша сарайының дүкеніне шабуылдаған. Ұрылар күзетшіге сес көрсетіп, қоймалардың біріне кірген. Сөйтіп ескерткіш тиындар мен сағаттарды алып шығыпты. Артынша мотоциклдерге мініп, іздерін суытқан. Абырой болғанда, шабуылдан ешкім зардап шеккен жоқ. Қазір полиция қарақшыларды іздестіру жұмыстарын бастады. Олардың бет-әлпеті видеобақылау камераларына түсіп қалыпты.

Хабар 24 телеарнасы