389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Швецияда бетперде киген бәзбіреулер тұрғындарға оқ жаудырды

  • 218
  • UPD: 17:05, 26.08.2019
Швецияда бетперде киген бәзбіреулер тұрғындарға оқ жаудырды life.ru

Атыс болған аумақ дереу қоршауға алынып, полиция кінәлілерді іздестіріп жатыр.

Швецияның оңтүстігіндегі Мальме қаласында бетін тұмшалап алған бұзақылар адам көп шоғырланған аумақта тұрғындарға оқ атты. Салдарынан 3 адам жараланды, оның ішінде балалы әйел де бар. Бұл туралы The Local хабарлайды.

Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға мейрамханаға жақын орналасқан жағажайда тіркелген. Әртүрлі қарудан шамамен 10 рет оқ атылған. Сосын қаскүнемдер сол маңдағы тұрғын үйлердің бақшасын тасалап, қашып кеткен.

Хабар 24 телеарнасы