389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Дориан дауылы Канада жеріне жетті

  • 258
  • UPD: 13:32, 08.09.2019
Дориан дауылы Канада жеріне жетті

Багам аралдарын тас-талқан етіп, АҚШ-тың оңтүстік штаттарын басып өткен Дориан дауылы Канадаға жетті.

Табиғат апатынан 300 мыңнан астам үй жарықсыз қалды. Дүлей желдің екпіні бәсеңдеп, бірінші дәрежені құрап отырғанымен, жауыннан су тасқыны қауіпі күшейген. Билік табиғат апатының салдарымен күреске әскерилер жұмылдырылатынын жеткізді.

Эрик Флэк, төтенше жағдайлар жөніндегі қызмет өкілі:

- Дауыл мұхитты толқытады. Бізге қауіп сол толқыннан келеді. Толқын 10-12 метрге көтеріліп, жағаға соқса, одан жағалауға тараса әрине елді мекенге қауіп төнеді. Сағатына 150 шақырым жылдамдықпен соққан дауыл да жолдағы заттардың бәрін ұшырып әкетуге қауқарлы. Сондықтан адамдардың барынша абай болғаны абзал.

Еске сала кетейік, Дориан дауылы жұма-сенбі күндері АҚШ-тың Оңтүстік және Солтүстік Каролина штатына соғып, бірнеше адам қаза тапты. Көптеген елді мекенді су басып, жүздеген үй жарықсыз қалды. Билік су тасқыны қауіпі әлі сейлмегенін айтып отыр.

Хабар 24 телеарнасы