420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Армения әуе салығын алып тастамақ

  • 651
  • UPD: 10:23, 11.12.2019

Армения 10 жылдан бері жұмыс істеп келген құны 21 доллардай болатын әуе салығын алып тастайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шара жаңа әуе бағыттарын ынталандыруға бағытталған. Парламент заң жобасын жақында екінші оқылымда қабылдап, бекітті. Бірақ заңға сәйкес әуе компаниясы жеңілдіктерге келісе отырып, рейстерді жыл сайын тоқтатпауы тиіс. Азаматтық әуе авиациясы комитеті салықтық жеңілдіктен кейін жолаушылар саны 300 мыңға артады деп отыр.

Айта кетейік, Арменияда 2013 жылдан бері «Ашық аспан» режимі жұмыс істейді. Авиация саласының сарапшысы Дмитрий Атбашьян бұл жүйенің әлсіз тұстары өте көп екенін айтады. Оның пікірінше, бұл ұлттық әуе компанияларның дамуына кедергі. Сарапшы «қазір елдегі авиацияны жандандыруға бірнеше жыл кетеді», деп отыр.

Дмитрий Атбашьян, Армения Ұлттық авиация қауымдастығының президенті:

- Армения «Ашық аспан» режимін енгізіп, ұлттық әуе компанияларын тұншықтырды. Олардың дамуына кедергі келтірді. Салыстырмалы түрде айтсақ, өзге елдер өз аспанын бірден емес, бөліп-бөліп және бірқатар талаптармен ашады. Арменияның әлі күнге дейін әуе кодексі жоқ. Мен Қазақстан және әлемнің өзге елдерінде мұндай кодекс бар екенін білемін. Тіпті Буркино-Фасода да бар. Біздің елде оның орнына «Звартноц» әуежайын жалға алушының мүддесіне сай жасалған авиация туралы заң ғана бар. Оның талаптары жергілікті компаниялар үшін тиімсіз.

Хабар 24 телеарнасы