432,62 508,50 5.48
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркия жағалауында мигранттар мінген қайық суға кетті

  • 447
  • UPD: 16:59, 26.12.2019
Түркия жағалауында мигранттар мінген қайық суға кетті

Түркияның шығысындағы Ван көлінде мигранттар мінген қайық суға кетті. Салдарынан 7 адам ажал құшқан. Құтқарушылар 64 босқынды аман алып қалды.

Оқыс оқиға болған өңір Иранмен арадағы шекараға жақын орналасқан. Әдетте Ауғанстан мен Пәкістаннан бет алған мигранттар алдымен Иранға, одан Түркия арқылы Еуородақ елдеріне заңсыз өтпек болып жатады. Биыл осы бағдар арқылы Кәрі құрлыққа жеткен босқындардың саны өткен жылмен салыстырғанда 45 процентке артқан. Олардың көбін Грекия, Италия, Кипр мен Болгария қабылдап жатады.

Хабар 24 телеарнасы