422.97 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Австралиядағы өрт: жануарлардың жүзден астам түрі көмекке зәру

  • 609
  • UPD: 14:07, 12.02.2020
Австралиядағы өрт: жануарлардың жүзден астам түрі көмекке зәру

Австралиядағы орман өртінің салдарынан жануарлардың көптеген түрі айтарлықтай азайып кетті.

Бірнеше айға созылған ауқымды өртен кейін жануарлардың жүздеген түрі шұғыл көмекке мұқтаж. Бұл туралы ВВС хабарлады.

«Австралия шұғыл көмекке мұқтаж жануарлардың 113 түрін анықтады, олардың тіршілік ету ортасы өрт салдарынан жойылып кеткен», - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта құстардың 13 түріне, бауырымен жорғалаушылардың 20 түріне, 5 омыртқасыз жануарға, 19 сүтқоректі, шаян тәрізділердің 22 және балықтардың 17 түріне қауіп төніп тұр.

Хабар 24 телеарнасы