429,59 501,70 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Пандемия өзбек экономикасына айтарлықтай әсер етті

  • 548
  • UPD: 18:22, 13.08.2020

Жаһанды жайлаған пандемия салдарынан жарты миллион өзбекстандық қаржыдан таршылық көріп, азыққа мұқтаж болуы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүкіләлемдік банк, Халықаралық еңбек ұйымы мен ЮНИСЕФ осындай болжам жасап отыр. Егер карантиндік шектеулер ары қарай жалғасатын болса, онда кедейлік шегінен төмен өмір сүретін азаматтардың қатары көбейе түседі, дейді мамандар. Коронавирус өзбек экономикасына оңай соқпады. Өзбекстанның ішкі жалпы өнімінің 33 процентін қызмет көрсету саласы құрайды. Қазіргі уақытта бұл саладағы кәсіпорындардың жұмысы тоқтап тұр. Туризмнің де тұралағанын айта кету керек. Демалушылардың саны 60 процентке қысқарған. Бұған дейін сарапшылар ұлттық экономиканы сақтап қалу үшін алтын-валюта қорын сатуды ұсынған еді. Алайда қазір қымбат металдың құны төмендей бастады.

Нұрмат Отабеков, Өзбекстанның бас мемлекеттік санитарлық инспекторы:

Виталий Беляков деген белгілі ғалым әрі эпидемиолог жұқпалы ауру кету үшін келмейді, бізбен бірге өмір бойы қалады деп еді. Ендеше, бұл дерттен құтыламыз деп сенбеуіміз керек. Ол біздің қолымыздан келмейді. Бұған тек бейімделуге тиіспіз. Яғни, елдің әл-ауқатын арттыруға, қоғам үшін пайдалы болуға тырысуымыз қажет. 

Хабар 24 телеарнасы