389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандыда С.Сейфуллиннің 125 жылдығына арналған халықаралық ақындар айтысы өтті

  • 621
Қарағандыда С.Сейфуллиннің 125 жылдығына арналған халықаралық ақындар айтысы өтті

Қарағандыда алаш ардақтысы Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығына арналған халықаралық ақындар айтысы өтті.

Облыс әкімдігі бастап, Nur Otan партиясы қостаған дүбірлі додада сөз зергерлері еліміздегі игіліктер мен халық көкейіндегі өзекті мәселелерді нақышына келтіре жеткізді. Партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек төл мәдениетімізді төрге шығармай, жетістіктерге жете алмайтынымызды баса айтты. Оның сөзінше, саяси доктринада да руханият, мәдениет, ұлттық құндылық мәселесіне үлкен көңіл бөлінген. Ал жыл соңына дейін елімізде Nur Otan-ның қолдауымен бес аламан айтыс өтеді.

Хабар 24 телеарнасы