389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қаллеки театры жаңа маусымын «Абай» қойылымымен ашады

  • 199
Қаллеки театры жаңа маусымын «Абай» қойылымымен ашады

Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры 9 қазан күні 19.00-де жаңа маусымның сахна шымылдығын дәстүр бойынша М.Әуезовтің «Абай» спектаклімен ашады, деп хабарлайды Елорда Инфо мәдениет және спорт басқармасына сілтеме жасап.  

Спектакльдің қоюшы режиссері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әлімбек Оразбеков. 

Театр маусымының «Абай» қойылымымен ашылуының дәстүрге айналуына бірден-бір себеп – Қалибек Қуанышбаев шығармашылығындағы шоқтығы биік рөл дәл осы Абай рөлі болатын. Қалибек Қуанышбаев сомдаған Абай образын туынды авторы, заңғар жазушы Мұхтар Әуезовтің өзі жоғары бағалаған болатын. Сондықтан болар, қойылымды сахналау аталған өнер ұжымына үлкен жауапкершілікті жүктейді. XXIX жаңа маусым дүбірлі той ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойымен ұласып жатыр. 

«Қаллеки» театры сахнасындағы «Абай» қойылымының өз ерекшелігі бар. Спектакльде қос Абайдың бейнесін көре аласыздар. Аға Абай бейнесін – Қазақстанның Халық артисі Тілектес Мейрамов сомдаса, Абайды – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұркен Өтеуілов кескіндейді. 

Елордалық көрермендер тағатсыздана күткен театр маусымы 9 қазаннан бастап күнделікті сағат 19.00-де театр репертуарындағы спектакльдерімен және жаңа премьералармен қуантады. 

Хабар 24 телеарнасы