376,51 420,09 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандыдағы музейден келі мен келсапты кездестіруге болады

  • 173
  • UPD: 10:02, 22.12.2019

Қарағандыдағы бейнелеу өнері музейінің қоры 20-ға жуық құнды жәдігермен толықты.

Түскиіз, сырмақ, келі мен келсап, күбі, аспа, саптыаяқ, бесік жабдықтары секілді көне бұйымдарды мамандар «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүргізілген ғылыми-зерттеу экспедициясы кезінде ауыл-ауылды аралап жүріп жинаған. Кейбірін шеберлер сыйға тартса, кейбірін сатып алыпты. «Сарыарқаның сәндік қолөнері және ою-өрнегі» атты көрме жыл соңына дейін жалғаспақ. Мұнда тұрмыстық бұйымдармен қатар ат әбзелдерін де көруге болады.

Назерке Жарқын, облыстық бейнелеу өнері музейінің ғылыми қызметкері:

- Бұйымдар жалпы 19-ғасырдың басы және соңғы кезеңдерін қамтиды. 20-ғасырдың басын да қамтып отыр. Құндылығы жағынан қазіргі таңда қолданыста жоқ болып табылады. Соларды біз өнерсүйер қауымға арнап, жалпы рухани құндылығымызды, байлығымызды жаңғырту мақсатында жинап отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы