411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Димаштың коронавирусқа қарсы күреске арналған әні алтын сертификатқа ие болды

  • 95
Димаштың коронавирусқа қарсы күреске арналған әні алтын сертификатқа ие болды

Дүниежүзіне танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің коронавирусқа қарсы күреске арналған әні Қытайдың музыкалық платформасында алтын сертификатқа ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Димаш Құдайбергеннің «We Are One» әні Қытайдың QQ Music платформасында алтын сертификатты иеленді. Жанкүйерлерінің қолдауының арқасында сингл 1 млн танымалдылық индексін жинады», – делінген Instagram-дағы dimash.news парақшасында.

Димаш коронавирус пандемиясына қарсы күреске ән арнағаны бұған дейін хабарланған еді. «We Are One» (Біз біргеміз) атты жаңа әніне түсірілген бейнебаян ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі «Синьхуа жаңалықтары| Xinhua News» парақшасында жарияланды. Бейнебаянда вирустың алғашқы ошағы Ухань қаласы , дәрігерлер, волонтерлер, маска таққан адамдар, гуманитарлық көмектің қабылдануы, дүкеннің бос қалған сөрелері көрсетілген. Видео соңында аспандағы бұлт сейіліп, дәрігерлердің қуанышы, маскаларын шешіп тастаған балалардың мәз-мейрам кезі көрсетілген.


 

Хабар 24 телеарнасы