423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сеулде қазақстандық фильмнің көрсетілімі өтті

  • 67
  • UPD: 15:30, 20.11.2020
Сеулде қазақстандық фильмнің көрсетілімі өтті

Сеулде «Үш» деп аталатын қазақстандық фильмнің көрсетілімі өтті.

Режиссер Руслан Пак түсірген бұл картина Пусан халықаралық кинофестивалінің «Жаңа ағымдар» аталымы бойынша бас жүлдені иеленді. Фильм 1979 жылы Алматыда болған шынайы оқиғаларға негізделген. Коронавирус індетіне байланысты әлеуметтік арақашықтық сақталып, 50-ден артық адам көрсетілімге кіргізілген жоқ. Режиссердің айтуынша, бұл фильм өзге де халықаралық кинофестивальдарға қатысады. Оны Оңтүстік Корея кинотеатрларына шығару қарастырылып отыр. Бірақ бірінші болып қазақстандықтарға көрсетіледі. Режиссер елімізге байланысты тағы да бір фильм түсіруді көздеп отыр.

Ким Ён Бок, Сеул қаласының тұрғыны:

– Жалмауыз кейіпкер көрсетілді. 1979 жылы болған оқиғалар өте қызық. Қазақстанда болған жоқпын, бірақ бұл киноны көріп, осы елге барғандай сезіндім. Ауасы таза, биік таулар. Табиғаттың әдемілігі мен төгілген қанның сұмдық көрінісі. Керемет триллер түсірілді.

Руслан Пак, режиссер:

– Біз үшін ең маңыздысы – Қазақстанда фильмнің тұсаукесерін өткізу. Өйткені оны түсіруге халықаралық топ қатысқанымен, бұл – қазақстандық кино. Індеттің басылуын күтіп отырмыз. Менде спорт туралы дайын сценарий бар. Ондағы оқиға Қазақстанда өрбиді. Жақын арада түсірілімді бастаймыз деген үміттемін.

Хабар 24 телеарнасы