387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ғабидолла Әбдірахымов: Әкімдік қызметкерлерінің еңбекақысы өседі

  • 524
  • UPD: 21:52, 23.06.2018

Екі күн бұрын тағайындалған Шымкент шаһарының басшысы алдағы уақытта әкімдік қызметкерлерінің еңбекақысы өсетінін құлаққағыс етті.

Мемлекеттік қызметкерлер күніне орай өткен салтанатты жиында бұған дейін де осы қаланы басқарған Ғабидулла Әбдірахымов әріптестерін кәсіби мерекемен құттықтап, оларды Шымкентті одан әрі көркейтуге шақырды. «Өйткені қаланың жаңа мәртебеге иеленіп, еліміздегі үшінші мегаполиске айналуы жаңа мүмкіндіктер берумен қатар, жаңа жауапкершілік те жүктейді», – деді Ғабидолла Әбдірахымов.

Хабар 24 телеарнасы