374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада «Азия радиосы» тақырыбымен халықаралық конференция өтуде

  • 193
  • UPD: 14:22, 11.07.2018

Астанада «Азия медиа диалогы» жалғасып жатыр.

Бүгін форумның екінші күні. Дәл қазір «Азия радиосы» тақырыбымен халықаралық конференция өтуде.

Медианарық саласында Орталық Азияда тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған жиынның екінші күні семинар-кеңес форматында өтіп жатыр. Алыс-жақын шетелден келген 100-ге тарта мейман тап қазір радионы жетілдіру жайын жан-жақты талқылауда. Оның ішінде ерекше атап өтетін қонақ – Үндістан радиосының бас директоры Фейяз Шеxрияр. Бұл азамат басқарып отырған станцияның әлем бойынша 1 миллиардтай тыңдарманы бар. Сондай-ақ бүгін шетелдік мамандар контент құру бойынша шеберлік сағаттарын өткізбек. Жалпы бүгінге 4 сессия жоспарланған. Басқосулар сағат бес жарымда аяқталады. Ал бұл жиыннан не күтуге болатынын ұйымдастырушы тараптан сұрап білелік.

Конференция аяқталған соң бүгін кешкі сағат жетіде «Қазмедиа» орталығында «Азия радиосы» халықаралық əн фестивалі өтеді. Мəдени шарада 10 шақты елдің өкілдері өнер көрсетпек. Ал ертең «Медиа 2020» тақырыбымен ауқымды конференция болады деп күтілуде. Алқалы жиында тек радио емес, мұқым медиа нарықтағы мəселелер талқыланып, өзара ынтымақтастық бойынша тараптар арасында келісімдер жасалмақ.

Авторы: Қорған Төреқожа

Осы категория бойынша: « Қостанайлық полицейлер 9 келі есірткі затын тәркіледі Елімізде соңғы бес айда 3 млн адам әуе тасымалы қызметін пайдаланған »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы