365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбеде жеделсатыдағы қайғылы оқиғаға қатысты сот ісі басталды

  • 204
  • UPD: 23:33, 31.07.2018

Ақтөбеде тележүргізуші Айзат Әбдісаматтың лифтте қаза болуына байланысты сот отырысы басталды.

Оқыс оқиға сәуір айында болған еді. Құлаған лифттің кабинасы қысып қалып, ауыр жарақаттар алған ол жедел жәрдем жеткенше көз жұмды. Тексеру жұмыстары көтеру механизмінің құралдары істен шыққандығын анықтаған. 25 жылдан астам қолданыста болған лифт тиісті сараптамадан өтпеген екен. Қазір қызмет көрсетуші коммуналдық мекеменің директоры мен лифтер маманы жауапқа тартылып отыр. Олардың кінәсі дәлелденсе, 4 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ал қаза тапқан келіншектің анасы соттың әділ өтіп, күдіктілерге тиісті жаза тағайындалуын талап етіп отыр.

Айша Төлемісова, А.Әбдісаматтың анасы:

- Жалғыз ғана лифтер емес, сол лифтіні басқарып отырған ПИК-тің бастығы Кенен Жәнібековтің де жауапқа тартылуын сұраймын. Лифт жөнделмейді, ақаулары көп болған. Соны Кенен Жәнібековке айтқан кезде: «Оны уақыт өте жөндеймін, жеделсатыны жауып тастаға болмайды» деген. Неге жеделсатыны жаппайды? Міндетті тұрде бір адамның өлімі керек пе?!

Осы категория бойынша: « «АрМИ-2018»: Қазақстан құрамасы әзірге үшінші орында келеді Рақымшылық кезінде кімдер және қалай босатылады? »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы