365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстан мен Германия құқық қорғау жүйесін жаңғыртуды талқылады

  • 233
  • UPD: 22:13, 27.08.2018

Жуырда отандық құқық қорғау саласы мен сот жүйесі реформаланады.

Бүгін Президент Әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбеков бастаған отандық делегация германиялық әріптестерімен осы мәселе төңірегінде кездесу өткізіп, өзара пікір алмасты. Бас прокуратура ғимаратында өткен жиында қылмыстық процестерді ұйымдастырудың халықаралық стандарттары, құқық қорғау саласын жаңғырту, сотқа дейінгі тергеу амалдары және сот қызметін мейлінше ашық форматқа көшіру туралы жұмыстар талқыланды.

Әділбек Жақсыбеков, ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы:

- Бүгінде Елбасының тапсырмасы бойынша жұмыстар жалғасып келеді. Сот және құқық қорғау жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар да әзірленіп жатыр. Аталған салаларды дамыту үшін біз халықаралық тәжірибені ескереміз. Осы орайда Германиядан арнайы делегацияны шақырдық. Шетелдік әріптестерімізбен тәжірибе алмасу арқылы нақты нәтижеге қол жеткіземіз деген сенімдемін.

Майндағы Франкфурт Бас прокуроры Альбрехт Шрайбердің айтуынша, Қазақстанның мемлекеттік қызметті жаппай цифрландыру жоспары Германияның өзінде осыншама жолға қойылмаған.

Еске салайық, маусым айында қазақстандық делегация Майндағы Франкфурт қаласына іссапармен барып, бүгінгі кездесу туралы келіскен болатын.

Альбрехт Шрайбер, ГФР Майндағы Франкфурт Бас прокуроры:

- Қоғамда өзгерістердің болуы – заңдылық. Алайда әр елдің құқық қорғау саласы әртүрлі. Менің білуімше, Қазақстандағы жүйе 2 кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде полиция қызметкерлері тергеу жұмыстарымен айналысады екен. Германияда сот жүйесі 3 кезеңнен тұрады, біріншісі – полиция, екіншісі – тәуелсіз тергеу жұмыстарын жүргізетін прокуратура және сот. Яғни Германияда алдын ала тергеу қызметі полиция құзырына жатпайды, бұл қызмет тек прокурорлардың міндетіне кіреді.

Осы категория бойынша: « Конституция күніне орай Астанада қандай іс-шаралар өтеді ШҚО-да омарташылар Қытай нарығына шығуды көздейді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы