374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Самұрық-Қазына» HR-департаментке басшы іздеп жатыр

  • 196
  • UPD: 22:35, 29.08.2018

«Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорына жұмысқа кіру үшін таныс-тамыр керек пе, әлде білім мен тәжірибе қажет пе?

Инвестициялық холдинг бірер күн бұрын ресми сайт арқылы HR-департаментіне директор іздейтінін жариялаған еді. Іле-шала әлеуметтік желі қолданушылары компанияның басшылық қызметке лайықты адамды дәл осылай таңдайтынына күмәнмен қарап, қоғамда қызу талқы жүрді.

Хабарландыру 23 тамызда жарияланған. Мұнда үміткерге қойылатын талап пен атқаратын міндеті бүге-шүгесіне дейін тізіліпті. Бірер күннен кейін бұл ақпарат интернеттегі басылым беттерінде таралады. Тақырыпты танымал блогерлер назарға іліп, «Самұрық-Қазынаның» кадрды дәл осылай ашық әрі жариялы түрде таңдап алатынына күмән келтірген.

https://www.facebook.com/orkenegro

«Қашаннан бері «Самұрық-Қазына» өзіне басшыны сайттан іздейтін болған? Сайт арқылы жігіт қызды іздесе, мейлі, мен құбыр жөндейтін сантехникті іздесем де, өзім сенер ме едім. Бірақ «Самұрық-Қазынадай» алып қор адами күшін басқаратын НР-директорды адал жолмен іздейді деген күмәнім бар».

Ал «Самұрық-Қазына» қорының мамандары бос орындар туралы ақпаратты сайтта жариялау қалыпты жағдай екенін айтады. Сондықтан күмәнмен қарауға негіз жоқ екенін айтады олар.

Айнұр Аманжолова, «Самұрық-Қазына» қорының HR бизнес әріптесі:

– Тағайындап, дайындап қойған адамымыз жоқ. Ілгеніміз осы өткен жұма. Екі жетінің ішінде бүкіл адамдарды қарастырамыз. Кімнің тәжірибесі, білімі, айтқан ойы бізге сай болса, әрине соның бәрін қарастырамыз.

Сәуірде 26-сы күні Ұлтық қордың төрағасы кадрлық іріктеуді жүйелі жолға қойғанын мәлімдеген еді.

Ахметжан Есімов, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарама төрағасы:

– Біз басшылық лауызмадарды қысқартып, басқарудың шағын әрі тиімді жүйесін бекіттік. Бұл бірнеше адамның мақұлдауын күттірмей мәселені тез шешуге көмегін тигізеді. Сондай-ақ компанияның барлық бөлімдерінде кандидаттарды іріктеудің ашықтығын қамтамасыз ететін конкурстық бірыңғай жүйе енгізіледі.

Осылайша «Самұрық-Қазына» басшылығы сұраныстағы талапқа сай кез келген адамның компанияға жұмысқа орналасуға мүмкіндігі бар екеніне сендіреді.

Авторлары: Талғатбек Әбдіқожаев, Наурыз Базаров

Осы категория бойынша: « Еліміздегі сауда нысандарында пошта желілері ашылды Көкшетауда ел дамуына үлес қосқандар марапатталды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы