365.49 420.50 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

СҚО-дағы ЖОО-да шетелдік мамандар дәріс оқиды

  • 62
  • UPD: 13:31, 12.10.2018

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің жолдауында жоғары сапалы білім беруді қамтамасыз ету үшін әлемнің үздік университтерімен әріптестік орнату керектегін баса айтты.

Бұл ретте Петропавл қаласындағы жалғыз жоғары оқу ордасы шетелдік топ-менеджерлерді тарта бастады. Бүгіннің өзінде солтүстікқазақстандық студенттерге өзге елдерден келген ғалымдар бір айдан астам уақыт бойы медицина және экономика салалары бойынша дәріс оқитын болады. Биыл аталған білім ошағында жаңадан 23 мамандық ашылды. Сондықтан болашақта әріптестік аясын одан әрі кеңейтуді жоспарланып отыр. Ал академиялық-мобильділік аясында жыл соңына дейін 18 азамат Қытай Халық Республикасы мен Еуропа елдерінде өз білімдерін жетілдіретін болады. 

Стефан Дырка, экономика ғылымдарының докторы, профессор /Польша/:

- Ел экономикасын алға жетелейтін – ғылым. Сондықтан Нұрсұлтан Назарбаев өз жолдауында осы білім мен ғылымға ерекше көңіл бөлді. Өйткені қазір жаһандану заманы ғой. Сәйкесінше мемлекет бәсекеге қабілетті болуы қажет. Осыны ескерген Президент білікті маман дайындау ісіне айрықша тоқталды.

Ербол Исақаев, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ проректоры:

- Шет елдің оқытушыларын шақырту бағдарламасы бойынша жыл соңына дейін 6 педагог біздің студенттерімізге дәріс оқитын болады. Қазір АҚШ, Қытай, Польша, Литва және Чехия сынды елдермен әріптестік орнаттық. Келер жылы топ-менеджерлердің санын ұлғайтуды жоспарлап отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы