376.99 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанай облысындағы бес ауылдық кітапхана «Білім орталығы» үлгісіне көшірілді

  • 112
  • UPD: 22:14, 13.04.2019

«Ауыл – ел бесігі» жобасы бойынша Қостанай облысындағы бес ауылдық кітапхана «Білім орталығы» үлгісіне көшірілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар кеңселік техникалар, компьютерлер және жоғары жылдамдықты интернетпен жабдықталды.

Сабақ аяқталысымен Майкөл ауылының оқушылары кітапхана жағалаумен болады. Каникул мезгілінде де уақыттарын осында өткізеді. Заман талабымен үндескен «Білім орталығында» олар өзара ой-пікірлесіп, шығармашылықтарын шыңдайды. Тегін жедел интернет, онлайн ойындар, жаңа әдебиеттер әркімге қолжетімді.

Мөлдір Мәмбетова, Майкөл ауылының тұрғыны:

- Әрдайым осында ойындар ойнап, білім алып, жаңа кітаптар пайда болғанына жақсы болды. Себебі үй жұмысын жасауға жақсы. Біздің ақындарымыз, жазушыларымыздың шығармаларын оқығанды өте ұнатамыз.

Кітапхананы жетілдіруге жергілікті қазынадан 2,5 млн теңге бөлінді. Жаңа жиһаздар, компьютерлік жабдықтармен қамтылды. Бірқатар мультимедиялық басылымдармен толықты.

Елена Рооде, кітапханашы:

Үйінде компьютері жоқтар осында келіп пайдаланады. Меңгеріп жататындары да бар. Бұрынғыдай емес, қазір кітапханаға күніне ең кемі 35 адам келеді.

Орталықта барлық білім салалары бойынша 7 мыңдай кітап қоры бар. Бұл жер түрлі әдебиеттердің қадірін арттыруға негіз болмақ.

Әлібек Мұхамеджанов, «Jas Otan» жастар қанаты ҚОФ төрағасы:

- Біз осы орталықтардың ауылдық жерлердегі барлық жастар үшін «үшінші орны немесе үйі» болатынына үміттенеміз. Қазіргі заманғы демократиялық өзгерістерді модернизациялау кезеңінде қазақстандық жастар арасында рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру маңызды міндеттердің бірі боп табылады. Өйткені мәдениет, тіл және кітаптар әр адамның ұлттық ерекшелігіне негізделген.

Жыл соңына дейін облыстағы барлық аудан орталықтарында осындай 20 білім орталығын ашу жоспарланған.

Авторлары: Данияр Сұлтанұлы, Ермек Мұхамедияров

Хабар 24 телеарнасы