378.98 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордалық жас кәсіпкерлерді қолдауға 75 млн теңге бөлінді

  • 174
  • UPD: 16:49, 30.04.2019

Елордадағы жас кәсіпкерлерді қолдауға биыл мемлекет қосымша 75 млн теңге бөлді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осы ретте қалалық әкімдік өкілдері қоғамдық талқылау өткізді. Олар студенттермен кездесіп, идеяларды жүзеге асырудың әдіс-тәсілдерін ортаға салды. Жастар жылы аясында қолға алынған бағдарламаға сай, мемлекет шағын бизнес ашқысы келетін жас кәсіпкерлерге қайтарымсыз тегін гранттар бөледі. Өз ісін бастағысы келетін, жасы 18-ден асқан және тұшымды бизнес жоспары бар азаматтар қаржылай қолдауға ие болады. «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы бухгалтерлік іс, ІТ технологиялар, өндіріс, денсаулық сақтау сынды салаларда тегін оқытады. «Мұндай шаралар жастарға өз ісін бастауға серпін береді», – дейді ұйымдастырушылар.

Әділет Тілепов, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің кәсіпкерлікті дамыту басқармасының бөлім басшысы:

– «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттар беру бағдарламасы бар. Сол бағдарлама асында жас кәсіпкерлерге Үкіметтен қосымша 75 млн теңге бөлінді. Бұл бизнес идеяға бүгін университетті бітірейін деп жатқан, жасы 18-ден асқан студенттерді жинап бағдарламаны түсіндірдік. Біз осы бағдарламаға қатысу үшін оларға жолдама беріп жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы