378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандыда ұшқыш Н.Әбдіровтің 100 жылдық мерейтойына орай қойылым ұсынылды

  • 108
Қарағандыда ұшқыш Н.Әбдіровтің 100 жылдық мерейтойына орай қойылым ұсынылды

Қазақтың қаһарман ұлы, ұшқыш Нұркен Әбдіровтің 100 жылдық мерейтойына орай қарағандылықтардың назарына театрландырылған қойылым ұсынылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Небәрі 23 жасында Отан үшін жанын пида еткен батырдың ерлігін ұлықтаған туынды Сәкен Сейфуллин атындағы облыстық драма театрында көрсетілді. «Қыран қазақ» деп аталатын драмалық қойылымының авторы Кеңес Жұмабеков Нұркен Әбдіровтың ерлігін, оның соғыс кезіндегі образын барынша шынайы көрсетуге тырысқанын айтады. Алғашқыда бұл шығарманың телевизиялық нұсқасы пайда болған. Кейіннен туындыға өзгерістер енгізіліп, алты айдың ішінде үлкен сахнаға шығарылды.

Кеңес Жұмабеков, қойылым авторы, ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты:

– Былтыр қолымда «Пик бессмерти» деген шығарма болған. Кейін ұлым «Папа, Нүркен Әбдіровтің 100 жылдығына неге жазбаймыз?» деді. Сол ұсынысты қолға алдық. Екеуміз отырып жазып шығардық.

Хабар 24 телеарнасы