389,96 432,20 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде бұрынғы әскери қызметкерлерге баспана беріледі

  • 202
  • UPD: 23:29, 09.07.2019

Былтыр жыл басынан бастап жаңа тұрғын үй бағдарламасы іске қосылды. Оның аясында қазір  жұмыс істеп жүрген әскери қызметшілер ғана емес, сонымен қатар 10 жылдан  20 жылға дейін қызмет жасап, осы саладан кеткен қызметкерлер де үйлі бола алады.

Бұл жабық және оқшауланған әскери қалашықтарда тұратын азаматтардың  тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесін шешпек. Осыған байланысты қорғаныс министрлігі  еліміздің ірі қалаларында жекешелендіруге жатпайтын  баспаналарды  айырбастау жұмыстарын белсенді жүргізіп жатыр. 

Дастан Қабдуллаев осы жылдар ішінде отбасымен әскери бөлімнің жекешелендіруге жатпайтын пәтерінде тұрып келген еді. 2016 жылы зейнеткерлікке шықты. Алты балалы жанұя  баспана мәселесін шешуге келгенде жаңа бағдарламаның мүмкіндігіне сүйенді.     

Дастан Қабдуллаев, бұрынғы әскери қызметкер:

- Үй алып жатқанымызға бір ай ғана болды. Балалар кең жерге келіп, аунап-қунап мектепке де жақын екен өзі. Бала-шағамызбен осы үй бұйырып тұр екен. 0322 Қорғаныс министрлігіне көп рахмет қызметкерлерін далаға қалдырмай, осылай үймен қамтамасыз етіп жатқандарына.

Бұдан бұрын әскери қызметте 10 жылдан астам, бірақ 20 жылдан кем қызмет атқарып зейнеткерлікке  шыққан әскери қызметшілер жергілікті атқарушы органдардың есебінен тұрғын үймен қамтамасыз етілген. Ол үшін жұмыстан шыққанан 3 жыл бұрын үй кезегіне тұру керек болған.  Қазір бұл мәселе оң шешімін тапты.

Бауыржан Зекенов, ҚР ҚМ тұрғын үй басқармасының бастығы:

- Заңдарға өзгерістер енгізіліп, тұрғын үй қатынастарына және әскери қызмет туралы заңға байланысты. 10 жылдан астам, 20 жылдан кем емес әскери қызметте болған. Олар жабық қалашықта тұратын үйлерін ашық қалашықта тұратын үйлерге алмастыру көрсетілді және ол заңмен белгіленді.

Қорғаныс министрлігі өкілдерінің айтуынша, еліміз бойынша мұндай топқа жататын 700-ден артық әскери қызметкер бар. Жыл аяғына дейін олардың дені баспанамен қамтасыз етілмек. Бүгінгі күні 50 отбасы әскери қалашықтағы  пәтерлерін жекешелендіруге жататын  тұрғын үйлерге ауыстырып үлгерді.

Хабар 24 телеарнасы