386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өскемендегі ХҚКО-да ұзын-сонар кезек қашан жойылады?

  • 162
Өскемендегі ХҚКО-да ұзын-сонар кезек қашан жойылады?

Өскемендегі мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының жұмысы әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұнда қалыптасқан ұзын-сонар кезек тұрғындар наразылығын тудырған. Тіпті жуырда бір топ адамның ғимарат есігін жұлып алған сәті түсірілген бейнетүсірілім тарады. Бүгін брифинг барысында мекеме басшылығы мән-жайды түсіндірді. Олардың айтуынша, өзге өңірлердің барлығында мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарына бөлек ғимарат берілген болса, Өскеменде мұндай жағдай жасалмаған. Жаңадан салынып жатқан ғимарат құрылысы әзірге тоқтап тұр. Осыған орай қаланың сол жағалауындағы халыққа қызмет көрсету орталығының бір бөлігінде автокөлік иелеріне қызмет көрсетіледі. Айта кетерлігі, тұрғындарға қолайлы болу үшін қалада осы қызмет түрін көрсететін екінші мамандандырылған сектор ашылды. Сонымен қатар мамандар халықты электрондық үкімет порталын белсенді пайдалануға шақырады.

Ерхат Жәлелов, облыстық мемлекеттік қызмет істері департаменті басқармасының басшысы:

– Қоғамдық ұйымдар өкілдерімен бірге бүгін таңертең ерте барып, халыққа қызмет көрсету орталығының қызметіне мониторинг жүргіздік. Әлеуметтік желідегідей емес, жағдай мүлдем бөлек. Олар уақытында бұрынғы қалыпта жұмыс істеп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы