389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодарда мемлекеттік кірістер департаменті басшысына қатысты сот отырысы басталды

  • 223
  • UPD: 15:04, 04.09.2019
Павлодарда мемлекеттік кірістер департаменті басшысына қатысты сот отырысы басталды

Павлодарда сыбайлас жемқорлық дерегі бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басшысына қатысты сот отырысы басталды.

Айыптау жағына ведомство жетекшісі Ернұр Байғұрманов, экономикалық тергеу қызметі басқармасының басшысы Азамат Бейсембаев және жедел уәкіл Дәулет Мағзұмов отырған. Олар аса ірі көлемде пара алды деп айыпталды.

Естеріңізге сала кетсек, күдіктілер өткен жылдың қыркүйек айында тұтқындалған еді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі жүргізген тінту барысында олардың үйлері мен жұмыс орындарынан 160 мың АҚШ доллары, 10,5 миллион теңге және қымбат бұйымдар табылған. Ал күдіктілерге қатысты тергеу амалдарын жүргізуге екібастұздық кәсіпкер Тасболат Әбуғожиновтың шағымы себеп болған. Айыпталушылар бір миллиард теңге көлеміндегі салықты төлемегені үшін берілген 100 мың долларды азсынып, қайтармақ болыпты. Бүгінгі сот отырысында куәгерлерден жауап алынды. Белгілі болғаны, екі айыпкер кепілмен босатылса, тағы біреуінен ешқайда кетпеу туралы қолхат алынған. Сот отырысы жалғасады.

Хабар 24 телеарнасы