387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Енді қымбат медициналық зерттеулер тегін жүргізілетін болады

  • 135
  • UPD: 15:23, 12.09.2019
Енді қымбат медициналық зерттеулер тегін жүргізілетін болады

Қызылорда облыстық кардиоорталығында 10 жыл ішінде жүрекке екі мың операция жасалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Келер жылдың 1 қаңтарынан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің енгізілуімен бұл көрсеткіштер арта түспек. Өйткені жаңа бағдарламаның жүзеге асырылуы халыққа ем-дом көрсетудің сапасы мен қолжетімділігін жақсартуға бағытталып отыр. Медициналық қызметтің ең қымбат түрі – жүрек хирургиясы. Бір науқастың операциясына мемлекеттен 7 миллион теңге қаржы бөлінеді. Ал нақты диагноз қойылып, пышаққа түскенге дейінгі зерттеулерді науқас өз қалтасынан төлеуі тиіс еді. Енді ол тегін жүргізіледі. Бұл мақсатқа алдағы үш жыл ішінде 2,8 триллион теңгеден астам қаражат бағытталады.

Берік Дәуітбаев, ОМО кардиохирургия бөлімшесінің меңгерушісі:

- Мен зерттеп қарасам, бүкіл дамыған мемлекеттерде осындай сақтандыру бар екен. Медицина саласына қаражат көбейеді. Бұрын мысалы осы уақытқа дейін шыны керек, қымбат зерттеулер КТ, МРТ көп жағдайда ақылы болатын. Осы бағдарламада тегін болады. Емхана жолдама берсе, зерттеулер тегін түсіріледі.

Хабар 24 телеарнасы