420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Арыстағы жолдарды жөндеу жұмыстарының 90% аяқталған

  • 531
  • UPD: 17:17, 09.11.2019
Арыстағы жолдарды жөндеу жұмыстарының 90% аяқталған inform.kz

Түркістан облысының Арыс қаласында жол төсемдерін жөндеу және қайта қалпына келтіру жұмыстары аяқталуға жақын, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Индустрия және инфрақұрылым және даму министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жалпы ұзындығы 272,3 шақырымды құрайтын қалалық жолдарды тексерген мамандар 17 сектордың 13-де жатқан 63 көшенің жамылғысында ақаулардың барын анықтады.

Қазіргі таңда жолшылар автомобиль жолдарының 78,9 шақырымын, жаяу жүргіншілерге арналған жолдың 46,7 шақырымын жөндеуде. Сондай-ақ, жолдардың 68,6 шақырымында жарық шамдардың 2234, трансформаторлардың 52 данасы орнатылып жатыр.

Арыс қаласындағы көшелердің жолдарын қалпына келтіру жұмыстарына 2,541 млрд теңге бөлінді. Жұмыстар жуырда аяқталады деп күтілуде. Орташа жөндеуден қалалық жолдардың 90%-і өткен. Олардың қорытындылары бойынша Арыс қаласындағы жақсы және қанағаттандырарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 95%-ке жеткізілмек.

Хабар 24 телеарнасы