426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Президенттің кадрлық резервіне енген жастар экология мәселесін де зерттеп жүр

  • 313
  • UPD: 23:47, 17.01.2020

Президенттің кадрлық резервіне енген жастардың арасында ел экологиясына елеулі үлес қосып жүрген мамандар бар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Солардың бірі – Зүлфия Сүлейменова. Ол бүгінде Жапония ұлттық саяси зерттеулер институтының PhD докторанты. Орталық Азиядағы су мәселесін зерттеп, елдегі су тапшылығының алдын алуға қатысты тиімді тетіктерін ұсынып жүр. Өз елінің патриоты ретінде осы саланы дамытуға ниетті. Бұған дейін анау-мынау емес, Біріккен ұлттар ұйымында экология және су проблемасына қатысты бірқатар зерттеу жүргізіпті.

Зүлфия Сүлейменова, Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі:

- Негізі менің қазіргі айналысып жатқан тақырыбым Қазақстан үшін өте өзекті болмақ. Сондықтан мен белгілі бір өз уақытымды осыған жұмсаған болатынмын. Өз білімім мен дағдыларымды Қазақстанның осы саладағы саясатын нығайтуға жұмсаймын деген сенімдемін. Тәжікстанмен бізде су және санитария мәселесі бойынша жоба болған, мен сол жобамен де айналысқам.

Хабар 24 телеарнасы