411,72 452,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Карантинде тұрған кемедегі төрт жерлесіміздің жағдайы айтылды

  • 278
  • UPD: 09:58, 18.02.2020
Карантинде тұрған кемедегі төрт жерлесіміздің жағдайы айтылды

Жапонияда карантинде тұрған Diamond Princess кемесінде 4 қазақстандық бар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың екеуі әйел адам болса, тағы екеуі 8 және 12 жастағы балалар. Қазақстан сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияровтың сөзінше, олардың денсаулығы жақсы. Осы уақытқа дейін қазақстандықтар тарапынан қандай да бір шағым түспепті. Төртеуі де коронавирус жұқтырмаған көрінеді. Қазақстан елшілігі азаматтармен байланыста екендігін және қажет заттармен қамтамасыз етіп жатқандарын хабарлады.

Еске сала кетейік, 5 ақпаннан бері оқшауда болған Diamond Princess кемесінен карантин ертең алынады. Бірақ ол аяқталмас бұрын жапон билігі тағы бір рет барлық жолаушыны қайта тексереді екен. Егер коронавирус расталмаса, отандастарымыз қазақ жеріне орала алады. Айта кетейік, бүгінде бұл кемеде 3 мыңдай азамат оқшауланған. Соның 355-і коронавируске шалдыққан.

Хабар 24 телеарнасы