411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде тәрбиешісі баланы ұрған шипажай директорына қатаң сөгіс жарияланды

  • 175
  • UPD: 13:11, 12.03.2020

Ақтөбедегі «Шағала» шипажайында болған жағдайға байланысты мекеменің бас дәрігері қатаң сөгіс алды. Ал оның орынбасары лауазымдық қызметінен төмендетілді.

10 жасар баланы ұрып-соғу оқиғасынан кейін мұнда арнайы құрылған комиссия тексеру жұмыстарын жүргізіп, біраз былықтың бетін ашқан. Оның қорытындысы бойынш санаторийдің 7 қызметкеріне қатысты шара қолданылып отыр.

Атап айтқанда, бас дәрігер мен оның орынбасарынан бөлек медбикеге де қатаң сөгіс жарияланды. Ал тәрбие жұмысын бақылайтын мұғалім және психолог қызметтен кетті. Бұған дейін балаға күш көрсеткен тәрбиеші мен оның қасында болған әріптесі де жұмыстан босатылған еді.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан біраз күн бұрын әлеуметтік желіде шипажай қызметкерінің емделушіге қол көтергені туралы бейнежазба тарады. Кейін анықталғандай, ата-анасы жоқ бала отбасы үлгісіндегі үйде тәрбиеленген. Енді мекемедегі тәртіп пен емдеу ісін бақылау үшін бейнекамералар қойылатын болды.

Светлана Есенаманова, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

- «Шағалада» 24 видеокамера бар. Оның 16 үлкен зданиенің кoридорларында, шыға берісінде және далада болып тұр. Бүгінгі күні жергілікті бюджеттен 10 камераға ақша бөлінді. Ол ақшаға ойнау кабинеттерінде және оқу кабинеттерінде орналасады.

Хабар 24 телеарнасы