425,82 518.00 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Бекіре-2020». Атырауда 841 заңбұзушылық анықталды

  • 588
  • UPD: 07:52, 30.05.2020
«Бекіре-2020». Атырауда 841 заңбұзушылық анықталды

«Бекіре-2020» балық қорғау акциясы кезінде Атырауда 841 заң бұзушылық анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның ішінде 508-і әкімшілік жауапкершілікке тартылса, браконьерлік факті бойынша 17 қылмыстық іс қозғалған. Акция барысында заң бұзушыларға 8 миллион теңгеден астам әкімшілік айыппұл салынды. Балық қорғау, полиция және шекара қызметкерлерімен заңсыз айналымнан 9,6 тонна су маржаны, оның ішінде 337,5 келі бекіре тұқымдас балық, 15 келіден астам уылдырық, 388 аулау құралы, 91 жүзу құралы, сондай-ақ 10 көлік тәркіленді. Айта кетейік, бұдан бөлек, облыс аумағында «Таза су айдындары» республикалық табиғат қорғау акциясы өткізіліп жатыр.

Арман Молдашев, облыстық аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясы басшысының орынбасары:

- Қиғаш, Жайық өзені бойларында, Каспий теңізінің Солтүстік бөлігінде балықтарға заңсыз салынған ау құралдарын сүзу жұмыстары жүргізілуде. Яғни, қазір 3000-ға жуық заңсыз құрылған ау құралдары тәркіленді. Бұл ау құралдарының көбі моножіптен тоқылған Қытай аулары. Осы рейдтік шара барысында көптеген жүзу құралдары тәркіленіп, осы рейдтік шаралар өз деңгейінде жүргізілуде.

Хабар 24 телеарнасы